Сірә ойлану керек Жаз жақындады… Жалаңаштардың жағдайы жанды жегідей жеп жүр. Жан-жағымызды жартылай жалаңаш - жарымжандар жайлаған, жабайылардың жанында жүргендейміз. Жартылай жалаңаштыққа желігу, жақсылыққа жеткізбейді. Жалпы, жұрттың жамалының жалаңаштығынан жанының жалаңаштығы жаман. Жаратушының жақсылықтарынан жиреніп, жануардан жаман жүгенсіздік жолымен жүру, жамандықтың жегіне жеткізді. Жалаңаштану - жезөкшелік жолы. Жартылай жалаңаштануға жандары жақындар - жамандыққа жандары жақын жандар. Жалаңаштанудан жиренбейтіндердің жанын жындар жайлағандай… Жақсы жандар “жылтырағын” жылтыратып жарнамаламай, жамалын жамылғымен жасырады. Жүрегіне Жаратушының жылуы жеткен жандар, жәннәтта жадырайды. Жанын жене жамалын жалаңаштағандар жеһеннемда жазаланады. Жәһәннәмнің жалыны жүзін жапқанда, жалғандағы жымысқылықтары жене жақсылықтан жырақтап, жамандыққа жақын жүруі жанын жегідей жеп, жалындағы жанып жатқан жүйкесін жұқартады. Жақсылық-жамандықтың жағдайын жастарға жеткізу жауапты жүк. Жалпы жағдайымыз жан жылатарлық. Жанымызға жылу жетпейтіндей… Жақсылықтан жүрдай жандар жан-жағымызды жайлап жүр. Жанымызға жылу жинаудан жасқануымыз, жақсылыққа жатпайтын жағдай. Жақсылықтың жолында жұмылмасақ жүгенсіздікке “жүгенделіп”, жалаңаштықпен жанымызды жаралап, жанымызды жанып жатқан жалынға жібергеніміз. Жабайылардың жамандығын жанымызға жолатпай, жақсылардың жолымен жүрейік. Жастарымызды жалаңаштық жолына жібермейік! Жөн жүрсек жиыламыз, жұртымыз! Жөн жүрмесек жырымдаламыз. Жақсылықты жандарыңызға жеткізуге жұмыс жасадық. Жақсылыққа жорып, жандарыңызға жылу жинап, жүректі жібітудің жолына жөнелсеңіздер жақсылыққа жетесіздер! Жаратушымыз жүрегімізді жақсылыққа жұмылдырып, жамандықтан жырақтатсын! ЖАЛАҢАШТЫҚТАН ЖЫРАҚТАМАЙЫНША ЖҰРТЫМЫЗҒА ЖАҚСЫЛЫҚ ЖОҚ!

Теги других блогов: жақсылық жалаңашту жамандық