Шыңғыс хан туралы тың деректер
Соңғы уақытта Шыңғыс хан жайлы ақылға қонбайтын сыбыстар тарала бастады. Соның ішінде Шыңғыс ханның зиратын қазбау жөнінде пікірлер айтылады, егер осындай жағдай орын алса, соғыс басталады деген лақап сөз тарады. Осындай сыбыстар келесідей деректерге сәйкесті пайда болып отыр. 1940 жылы Гитлер “Барбаросса” жоспарына қол қойды. Осыған сәйкес 1941 жылдың 21-22 маусымында, яғни түнге қарай, Германия тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасауы тиіс еді. 1941 жылы осы соғыс “Барбаросса” жоспарына сәйкес 21-22 маусымның түнгі уақытында басталды. Осы түнгі уақытта тарихшылар мен археологтар Самарқандағы Темірланның зиратын қазған. Темірланның зираты қазылмаған жағдайда, соғыс болмас еді деген пікірлер тарады. Бұл, әрине, ақылға симайтын нәрсе. Бірақ осындай ақылға симайтын болжам қазіргі уақытта Шыңғыс ханның зираты туралы айтылып жүр. Мұндай адам түсіне алмайтын ақымақ пікірлер мен ойларды Шыңғыс ханның қас жаулары таратып жүр. Олардың арасында танымал адамдар да бар.
Бүкіл әлемге хабарларын ағылшын, француз, италян және испан, неміс, орыс тілдерінде тарататын халықаралық Еуропалық телекомпания адамзаттың дамуы жөнінде мәлімдеме жасады.
Ағылшын ғалымдары ұзақ әрі күрделі зерттеулер нәтижесінде алғашқы жылқылардың Қазақстанның солтүстігінде пайда болғанын анықтады. Сондай-ақ, алғашқы адамзаттың дамуы тарихында жылқылар үй малы ретінде қолға үйретілген. Ағылшын ғалымдары мұндай шешімге көне арбалардың және үзеңгілердің топырақ арасынан аршылып алуы нәтижесінде келді. Ағылшын ғалымдарының пікірі бойынша, қазақтар жер бетіндегі ең көне халықтардың бірі болып табылады. Сондықтан Қазақстан тарихы қайтадан жазылуы тиіс. Өйткені қазақтар адамзат қоғамы және өркениеттің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Адамзат өркениеті жабайы жануарларды қолға үйретуден басталған еді. Бұл мәлімет қазақтың тарихына жаңаша өзгерістер әкеліп, қазақты жер бетіндегі адамзат өркениетін құруға және дамытуға үлкен үлес қосқан көне халықтардың бірі ретінде көрсетіп отыр. Өркениеттің бастауы Таяу Шығыста және ежелгі Мысырда пайда болған деген жалпыадамзаттық пікірді жоққа шығарып отыр. Қазақ халқының тарихын қамтитын түркі өркениеті ғұндар тарихынан бастау алады.
Ғұндар түркі қағанаттарына бөлінді, Батыс түркі қағанатын құрған оғыздар батысқа кетіп қалды. Ал қазақтар мен татарлар Шығыс түркі қағанатының негізін салды. Бұл құрылым өз кезегінде көптеген жекелеген руларға бөлініп кетті. Ал Шыңғыс хан осы рулардың көпшілігін жеке бір ортақ мемлекетке біріктірді. Қазақ рулары Еуразияның ұлан-ғайыр алқабында Днепр өзенінен бастап Манчжурияға дейінгі аймақта, сонымен қоса қазіргі Казақстан жерінде өмір сүрді. Шыңғыс хан құрған мемлекеттей елді тек көптеген жылдық мемлекеттілік тәжірибесі бар және тарихы сонау ежелгі замандардан басталатын, қазіргі кезде саны жарты миллионнан аспайтын өте аз моңғол халқы емес, қазақ және татар рулары құрды. Моңғолдар 100 жыл бұрын тәуел–сіздікке қол жеткізе отырып, осы күнге дейін адамзат өркениетінің заманауи талаптарына сәйкес келетін мемлекет құра алған жоқ.
Моңғолдардың жартысынан көбі қазіргі кезеңде киіз үйді мекен етеді, ал тұрғындардың білім деңгейі өте төмен дәрежеде. Осы жайында орыс тарихшысы Александр Бушков «Шыңғыс хан және беймәлім Азия» кітабында жазған еді. Яғни, Шыңғыс ханның тегі түркі болғандығына сүйенейік… Шыңғыс ханның моңғол болуы мүмкін емес. Осы жерде түркілер жайында мәселе қозғалып отыр. Өте ірі көлемде дүниені жаулап алу үшін тек қана үлкен орда ғана емес, сонымен бірге бес қаруы сай, дайындығы мол әскер керек. Моңғолдар ұлттық салт-дәстүр мен мемлекеттіліктен жұрдай болғандықтан, олар аз уақыт ішінде әскер құрып үлгере алмас еді, осылайша бізде Азияда ХІІІ ғасырда мемлекеттілікті құру, кәсіби әскерді жасақтау, басқарушылық жүйені ұйымдастырудың тәжірибесіне кім ие болған деген ең қарапайым мәселенің шешімін тапқандаймыз… Бұл сұрақтың жауабын іздеп жатудың қажеті шамалы. Сұрақтың жауабы анық. Олар, әрине, сан ғасырлық қағанат пен мемлекет кұру тәжірибесі бар түркі тайпалары екені сөзсіз. Демографиялық есеппен XXI ғасырды ХІІІ ғасырмен салыстыратын болсақ, онда сол кездегі моңғолдардың саны 50-60 мың адамды ғана құрайтын. Ал Шыңғыс ханның әскері 300 мың адамға дейін жететін. Моңғолдарға ақиқатты ажыратып алудың уақыты келгендей, сондықтан да олар өзге халықтың тарихына таласпаулары тиіс.
Одан әрі Александр Бушков былай деп жазады: “Моңғол жазуы ХVІІ ғасырда қалыптасты. Сондықтан да қазіргі кезеңде Шыңғыс ханға жақын болып келетін ешқандай жылнама деректер жоқтың қасы”.
Шыңғыс хан және қазақ мемлекеті жайлы кейінгі кітаптарымда қазақ халқын аяусыз қырған, 1932-33 жылдары Қазақстанда жаппай аштықты ұйымдастырған, ядролық полигон ұйымдастыруға қолайлы адамзат баласы мекендей бермейтін Сібірдің кең өлкесі барына қарамастан, қазақ жерінде ядролық полигон ашқан, Қазақстанға көптеген халықтарды зорлап, күштеп қоныс аудартқан Иосиф Сталиннің жеке тапсырмасы бойынша Ресей тарихшысы Козиннің Шыңғыс ханның шығу тегі моңғол деп келтірген түпнұсқаларындағы бұрмалаушылыққа тоқталып өтемін.
Марко Полоның “Әлемнің ғажайыптары кітабындағы” Шыңғыс хан ұрпақтары жайында
Өткен ғасырлардағы мемлекет қайраткерлерінің өмір тарихы Шыңғыс ханның тарихындай дәрежеде бұрмаланып, өзгерістерге ұшырамаған. Тегі қазақ Шыңғыс ханды көптеген жұртшылық жанын салып, оның тегі моңғол деп тырысып бағуда. Осындайда заңды түрде келесі сұрақ туындайды: осының керегі не?
Бұл ең алдымен Қытай, сондай-ақ орыс князьдіктерін түркі қазақтар емес, керісінше саны аз моңғолдар жаулап алды деп тарихты бұрмалайтын ресейліктердің қызығушылығынан туындайды. Осындай жолмен орыс тарихында татар-моңғол шапқыншылығы деген тұжырым пайда болды. Сонымен, қазақ мемлекетінің және Шыңғыс ханның тарихы үлкен дәрежедегі геосаясатқа айналып кетті. Қытай өзі шығарған энциклопедиясына Балқаш өзеніне дейінгі жерлерді Қытай мемлекетінің құрамына қосып алыпты. Шыңғыс хан құрған мемлекет және Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары жаулап алған бұрынғы ЮАНЬ-Қытай мемлекеті ресми түрде былай деп жариялады: “Шыңғыс хан Қытай императоры болып табылса, яғни кезінде ЮАНЬ мемлекетін басқарса, онда Қытай осы мемлекеттің мұрагері ретінде ЮАНЬ мемлекетінің байырғы жерлерін иеленуге халықаралық дәрежеде толық құқықты екен. «Бұл өз кезегінде Шыңғыс хан ешқашан қытайдың императоры болмаса да, керісінше Қытай Шыңғыс хан және оның ұрпақтары жаулап алған мемлекеттердің біреуі болғанына қарамастан, осы геосаяси шара жүзеге асырылуда. Осы идеологияға сәйкес Қытай өзінің ұлттық ақшасын юань деп атады. Шыңғыс ханның ұлты қытайлық деп жариялау үшін Қытай моңғолдардың тегі қытайлық деп бүкіл әлемге жар салды. Қытайдың юань атты ұлттық ақшасында Қытай мемлекеті ресми тұрғыда қытай ұлтын қалыптастырған төрт ұлттың атын жазып бейнеледі: ХАНЗУ, МАНЗУ, ЖУАНЗУ, МАНГУЛ. Шыңғыс ханның ресми түрде құрған мемлекетінің аты «ЮАНЬ ЧАО БИ ШИ» деп аталып кетті. Қытай идеологтарының мақсаты бойынша бұл жағдайда Шыңғыс хан мемлекеті Қытай мемлекеті болып табылады. Өйткені тегі қытайлық (маңғул-моңғол) Шыңғыс хан осы мемлекеттің императоры болған. Шыңғыс ханның қазақ екені дәлелденсе, онда Қытайдың өзге жерлерді басып алу, соның ішінде Қазақстан аймағын жаулап алуға қатысты күллі ойдан құрастырылған жалған саясаты құрдымға кетеді. Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанына дейін кеңес отаршылдары ойлап тапқан «Қазақ КСР» республикасы ретінде өмір кешті, бұл отар болып табылатын елде, билік қазақтардың қолында болған жоқ, бүкіл республика отаршылдыққа түскен ел ретінде Мәскеу арқылы басқарылды. Сондай-ақ, тарихтан белгілі мәліметтер бойынша, орыс князьдықтары Шыңғыс хан ұрпақтары басқарған ұлы мемлекет Жошы Ұлысы-Алтын Орданың құрамына енген еді. Жошы Ұлысының алғашқы ханы Жошы хан болатын. Ол Қарағанды облысы, Ұлытау бөктерінде жерленді. Оның кесенесі күйдірілген кірпіштен орнатылды. Бұл жағдайда Шыңғыс хан орыс идеологтарының пікірі бойынша қазақ болуы мүмкін емес, ал Жошы Ұлысы – Алтын Орданы басқарған Шыңғыс хан ұрпақтарының қазақ болуы мүмкін емес. Осы тұжырымдар орыс идеологтарын Шыңғыс ханды саны жағынан өте аз моңғол халқының ханы деп жариялауына итермеледі. Шыңғыс ханның тарихы және Шыңғыс ханның өзі жайында 1240 жылы Бежін қаласында «Шыңғыс хан жайында қаһармандық дастан» жазылды. «Шыңғыс хан жайлы қаһармандық дастанды Шыңғыс ханның кенже інісі Отшығынның найман тілінде жазғаны анықталды. Отшығын бұл дастанды найман әліппесіне, XIII ғасырдағы қазақтардың тіліне негіздей отырып құрастырды. Еуропалық ғалымдар «Шыңғыс хан жайлы қаһармандық дастанды» мазмұнын өзгертпестен найман тілінен латын әліпбиіне герман және француз тілі үлгілерінде аударған. Аудармашы А. С. Козин бұл шығарманы толығымен бұрмалап, оны латын тілінен орыс тіліне аударып, Шыңғыс ханды моңғол деп жариялады. Өзімнің кейінгі кітаптарымда латын мәтінін орыс мәтінімен салыстыра отырып, сараптау жолдары арқылы осы өзгеріске ұшыраған бұрмалаушылықтың бәрін көрсетуді мақсат тұттым. Козин өз аудармасын «Моңғолдардың құпия шежіресі» деп атады. Моңғолияда «Шыңғыс хан жайлы қаһармандық дастанды» одан сайын бұрмалап, өзгерте отырып, орыс мәтінінен моңғол тіліне аударған қазақ табыла кетті. «Шыңғыс хан жайлы қаһармандық дастанның» түпнұсқасы найман әліпбиінде жазылған еді. Осы тілден Еуропа ғалымдары латын әліпбиіне дастанды еш өзгертпестен аударып көшірген еді. Яғни, дастан бір әліпбиден екінші әліпбиге алғашқы қалпын сақтап, өзгерген еді. А.Козин жасаған аударманы латын тілімен салыстырып, сараптама жасаудың негізінде оның айтарлықтай дәрежеде дастанды бұрмалағанын байқаймыз. Одан кейін тарихшылар өзгеріске түскен А.С. Козиннің бұрмаланған деректерін пайдалана бастады. Сондай-ақ, атақты венециандық саяхатшы Марко Поло жазған “Әлемнің ғажайыптары» кітабын өзгертіп, бұрмалай бастады. Марко Полоның еңбектерін ғылыми зерттеу нәтижесі Шыңғыс ханның тегі моңғол болмағандығын айқын көрсетті.